8 жасар қызды педофилден арашалап қалған мектеп оқушысына оқу гранты берілді
Алматы облысында 8 жасар қызды педофилдің құрығынан құтқарып қалған мектеп оқушысы облыс әкімінің оқу грантына ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Тимурбек Жамалладинов өзінің ерекше батыл әрекетімен қазақстандықтарды тәнті етті. Ол бір қыз баланы зорлықшыдан арашалап қалды. Бұл жағдайды біз назардан тыс қалдырмаймыз. Облыс әкімі Қонаев атындағы мектеп оқушысына грант бөлді. Қазір ол 11-сыныпта оқиды. Мектепті аяқтап аттестат алғаннан кейін ол бірден Қазақ ұлттық аграрлық университетіне оқуға түсе алады”, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, ол педофилдің құрбанына айнала жаздаған қыз туралы да айтты. Қазір бүлдіршінге қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр екен.
Бұған дейін Тимурбек өзін марапаттаудан бас тартқан болатын.
Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.
Оқи отырыңыз:
Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр
Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)