Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7-сыныпта танысқан: Қайрат Әділгерей әнші әйелінің артынан бірнеше жыл жүгірген

Актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей жұбайымен мектеп қабырғасында жүргенде танысқан. Өнер мектебіне оқуға түскен қызға көңілі түсіп, оған бала кезінде ғашық болған. Қайрат Әділгерей болашақ жарын өзіне қарату үшін артынан бірнеше жыл жүгіргенін жасырмайды.

7 сыныпта танысқан: Қайрат Әділгерей әнші әйелінің артынан бірнеше жыл жүгірген

Бұл туралы жұп “Қалаулым” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“1996 жылы Атырау облысында кіші өнер академиясы ашылды. Сара Алпысқызының демеуімен талантты балаларды жинады. Мен бір жыл бұрын түскем. “Ағажан” әнімен 7-сыныпқа апай (қалжыңдап) келді. Көзге түсті”, – деп бастады сөзін Әділгерей.

Бақыт Тұрманның айтуынша, Қайрат оған деген сезімін бірден білдірген. Мектепте оқығандықтан,
екеуінің арасындағы сезім достық қарым-қатынастан әрі аспаған.

“Өзінің көңілін, сезімін білдіріп, әртүрлі сыйлықтар беріп жүрді. Мектеп кезінен романтик, әлі де сондай. Ол кезде қыз-жігіт болып жүрген жоқпыз, жай дос болып… Кейін мен Астанаға оқуға түсіп, бір жылдан кейін Алматыға ауыстым. Ауысқаным Қайратқа жақсы болды. Кейін сезім ұласып, дос, аға сияқты көп жерде көмектесіп жүрді. Шыны керек, артымнан көп жүрді. Мен қараған жоқпын. Бір күні шаршадым деп айтты. – тап қазір айт, бірге болсақ болайық немесе мен сенің өміріңнен кетейін, – деді”, – деп еске алады Бақыт Тұрман.

7 сыныпта танысқан: Қайрат Әділгерей әнші әйелінің артынан бірнеше жыл жүгірген

Қасында жанашыр адамның жүргеніне үйреніп қалған Бақыт Қайратқа деген сезімінің пайда болғанын сол сәтте түсінген.

“Мұндай жақсы адамды қалай жіберіп аламын деп ойладым да, екі жылдай жүрдік. Содан кейін отбасын құрдық”, – деп еске алады әнші.

Бұдан бөлек, әйелі Қайраттың үйде қандай жар, қандай әке екенін әңгімеледі.

7 сыныпта танысқан: Қайрат Әділгерей әнші әйелінің артынан бірнеше жыл жүгірген

“Бәрі әзілқой адам болған соң, үйде де осындай ма деп сұрайды. Тап осындай емес. Ол белгілі бір ортаға, аудиторияға келгенде ашылады. Ал үйде балажан, балаларға жақсы қарайтын әке. Үй жұмысына жоқ, ақсаусақ. Бірақ әйелге деген көңілі бар, оны мен сезінемін. Соның арқасында біздің отбасымызда әрқашан үйлесімділік, жылулық бар”, – деп ағынан жарылды ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау