"64 жастағы зейнеткерді ұлы мен келіні далаға тастаған": Полиция оқиғаға пікір білдірді (видео)
Желіде 64 жастағы зейнеткердің далада жатқан видеосы тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жазира Бегалы Instagram-парақшасы
Желіде Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 64 жастағы зейнеткерді ұлы мен келіні далаға лақтырып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Кейін ата ауруханаға түсті. Полиция шақырылды.
Желі қолданушылары зейнеткердің туыстарының әрекетіне наразылықтарын білдіріп, оларды қарт адамға осындай қарым-қатынас жасағаны үшін жазалауды сұрады.
Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жағдайды тексерген. Нәтижесінде "туысқандардың бір-біріне шағымы жоқ" болып шықты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған