“63 жас - әйелдерге жасалған геноцид”: Еліміздің бірнеше қаласында зейнет жасын төмендетуді талап еткен әйелдер митинг өткізді
29 тамызда Қазақстанның бірнеше қалаларында, оның ішінде: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Семейде әйелдердің зейнет жасын 58-ден асырмауды талап еткен митинг өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет мына дереккөзден алынды
Жиынға келгендер “Әйелдердің зейнет жасын 63 жасқа ұзарту - әйелдерге жасалған геноцид”, “Зейнеткерлікке бұрынғыша 58 жаста шығуды талап етеміз” деген жазуы бар плакаттар ұстап келген. Жиынға келгендердің көпшілігі зейнет жасына жақындаған әйелдер.
Олардың айтуынша, әсіресе "дене еңбегімен жұмыс істейтін әйелдерді ерлермен бірдей 63 жаста зейнетке шығару – қиянат".
Семейде 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнінің қарсаңында "Қазақстан әйелдері 58 жастан зейнетке шықсын!" деген ұранды көтерген бейбіт шеру өтті.
- Қазақстанда 2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы мен зейнетақы, АЕК мөлшері өседі
- "Зейнетақы мөлшері келесі жылдан бастап артуы мүмкін": Дүйсенова белсенділердің зейнет жасын төмендету туралы сұрағына жауап берді
- "Әйелдерде таңдау құқығы болуы керек": 800 мыңнан астам әйел зейнетақы жасын төмендету туралы петицияға қол қойған
“Жас кезімде мен құрылыста жұмыс істедім. Ауыр жұмыс денсаулығыма әсер етті. Қалаға көшкеннен кейін базарда сауда жасайтындарға түскі ас тасыдым. Ал 49 жасымда бұл жұмысқа да жарамай қалдым”, - дейді Хатира Рысқұлова.
Митингіні Қазақстан әйелдері қозғалысы ұйымдастырған.
Бейбіт жиынға жергілікті әкімдіктер рұқсат берген. Жиналғандарды полиция мен әкімдік қызметкерлері бақылап тұрғаны айтылады.
Қазақстан 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын алты ай сайын көтеріп келеді. 2027 жылға қарай әйелдер ерлермен бірдей 63 жаста зейнетке шығуға тиіс. Биыл, 2022 жылы әйелдердің зейнет жасы 60,5 жыл болды.
Биыл мамыр айында Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов үкімет әйелдердің кей санатының зейнет жасын төмендетуді көздеп отырғанын мәлімдеген.