AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдерде таңдау құқығы болуы керек": 800 мыңнан астам әйел зейнетақы жасын төмендету туралы петицияға қол қойған

Елордада зейнеткерлік жасты 58 жасқа дейін төмендетуді жақтайтын Қазақстан Әйелдер қозғалысы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қозғалыс жетекшісі Мәкен Бекарыстанованың айтуынша, 800 мыңнан астам әйел зейнет жасын төмендету туралы петицияға қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Қозғалыс белсенділері бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті.

"2022 жылдың 7 шілдесінде онлайн режимінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесу өтті. Кездесу танымдық бағытта жемісті болды. Ералы Тоғжанов біздің барлық кездесулеріміз туралы және Қазақстанның әйелдер қозғалысының бар екенін біледі. Петицияға Қазақстанның 800 мыңнан астам әйелі қол қойды. Біздің санымыз жыл сайын көбеюде. Шағын ауылдардан, алыс ауылдардан әйелдер қосылуда", – деді қозғалыс жетекшісі Мәкен Бекарыстанова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен кездесуге қатысты спикер кездесудің жақсы деңгейде өткенін атап өтті. 

"Министр Тамара Дүйсенова біздің мәселелерімізді шешуде. Біз Қазақстан әйелдерінің 58 жасында зейнетке мерзімінен бұрын толық шығуын талап етеміз. 63-ке дейін жұмыс істегісі келетіндер жұмыс істей берсін. Әйелдердің таңдау құқығы болуы керек", – деп қосты ол. 



Қазақстан әйелдері қозғалысының белсенділері зейнетақы жасын көтеруге мораторий жариялауды, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. 

"Біз бұл көрсеткішті бір миллионға жеткізіп, Үкіметке бергіміз келеді. Яғни бір миллион қазақстандық әйел 58 жасында зейнетке шыққысы келеді. Біздің бүкіл Қазақстан бойынша белсенділеріміз петициямен жұмыс істеуде", – деп түсіндірді Қазақстан әйелдер қозғалысының көшбасшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр