"55-75 доллар": Erke мен RaiM Америкада өтетін концертінің билет бағасын жариялады
Өнерлі жұп Erke мен RaiM қыркүйек айында АҚШ-тың төрт қаласында концерт беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://eventcartel.com/events/concert/raim-erke-esmahan
Концертке билетті арнайы платформадан алуға болады. Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында. Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарлады.
Айта кетейік, Хьюстондағы концерт 4 қыркүйек, Чикагодағысы 5 қыркүйек, ал Лос-Анджелестегі концерт 6 қыркүйекке жоспарланған. Әншілер ең соңғы болып Нью-Йоркте 7 қыркүйек күні өнер көрсетіп, Америка турын аяқтайды.

Еске салайық, бұған дейін жұлдызды жұп аналарын алып, Түркияға демалысқа аттанған еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан