"Саған 5 жыл шыдадым": Айнұр Тұрсынбаева күйеуінен алған бағалы сыйлықты көрсетті
Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева күйеуінен алған бағалы сыйлығын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Өнер иесі отбасы құрғандарына бес жыл толуына байланысты мерекені атап өтті.
“Бүгін Нұрекең “5 жыл саған шыдап келгенім үшін бір шайға шақырайын” деді. Сөйтіп, аяқ астынан бриллиант білезік алып мәз болып қалдым. Ұмытпапты”, – деп жазды айтыскер ақын.
-
"Америкада мерседес сыйлап едім": Фариза Төреәліге күйеуі тағы бір көлік алып берді
-
"Құны – 2 миллион теңге": Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті
Айта кетейік, бүгінде айтыс өнерінің өкілі Түркияның Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр.
“Бүгін біздің отбасымызға – 5 жыл. 2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен “Бүгін қандай күн?” деп сұрамаймын ба, сөйтсем “Жексенбі ғой” дейді. Ал мен бүгін не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым”, – деп жазған еді психолог.
Бұған дейін "Мұндай сыйлық алған тарихтағы жалғыз әйелмін" деп Айнұр Тұрсынбаева күйеуінің ғашықтар күніне сыйлаған қойды көрсетіп, жұртты күлдірген еді.