Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 есе арықтады: Семіз әйел 270 келі салмақ тастады

АҚШ-тың Фейетвилл қаласының тұрғыны шамамен 5 есе арықтады. Оның салмағы 340 келі болған.

5 есе арықтады: Семіз әйел 270 келі салмақ тастады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Милла Кларк бала күнінен семіздіктен зардап шеккен. Ол тұрмысқа шыққан кезде салмағы 180 келі болыпты. Ал тұңғышын босанғаннан кейін салмағы 220 келіге жетеді. Артынша әйелдің аяғы ісіне бастап, жағдайды қиындаған. Оның аяғындағы ісіктің салмағы 20 келіден асып, жүруіне кедергі келтірген. 
Нәтижесінде ол жүріп-тұрудан қалып, төсекке таңылады. 

«Екі жылдан астам уақыт бойы төрт қабырғаға қамалып отырдым. Осы уақыт ішінде бірде бір рет төсектен тұрған емеспін. Тек тамақтанып, ұйықтаумен болдым», - дейді Кларк. 

5 есе арықтады: Семіз әйел 270 келі салмақ тастады

Оның балалары күнделікті ерте тұрып, 340 келіге дейін семірген анасын жуындырады екен. Қыздарының анасының аяғындағы ісікті көтеруге шамасы жетпегендіктен, оны үлкен ұлына көтеріп тұруға тура келіпті.

Үш жыл бұрын бариатриялық хирургия бойынша маман Юнан Новзарадан әйелге көмектесуге келіседі. 

5 есе арықтады: Семіз әйел 270 келі салмақ тастады

Бастапқыда әйелге өздігінен 45 келі салмақтан арылуға тура келген. Осыдан кейін ғана оған ота жасалып, дәрігерлер аяғындағы ісікті алды. Бұл кезде Кларктың салмағы 300 келі болғанымен, орнынан тұра алатын халге жетіпті.

Кларк мұнан кейінгі үш жылдың көлемінде бариатриялық ота жасатып, артық терісін алдырған. Ем-дом аяқталғаннан кейін оның салмағы 70 келіні құрады. 

Талқылау