Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

45 мыңнан астам қазақстандық «АЗИЯ АВТО» ұжымының ҚР Президентіне өтінішін қолдады

«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингінің еңбек ұжымы Өскеменнің «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының жұмысын тоқтатуға жол бермеу туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласты. Кәсіпорынның жұмысшыларын қолдап, ресми петицияға 45 мыңнан астам қазақстандық қол қойды.

азия авто

2020 жылдың 19-26 тамызы аралығындағы кезеңде Қазақстанның 45 959 азаматы республикамыздың ең ірі автомобиль холдингі ұжымының мемлекет Басшысының атына жолдаған өтініштеріне өз қолдарын қойды. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» жұмысшылары Президенттен Өскеменнің автоқұрастыру зауытының конвейерін тоқтатуға және компанияның қызметін тоқтатуға жол бермеуді сұрайды. Ағымдағы жылғы сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі бастаған өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу дәл осындай зардаптарға әкеледі.

азия авто

Вера Николаевна Сухорукова

«АЗИЯ АВТО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты

Өскемен қаласының әкімі (1999-2003):

Президентке хабарласу – мәжбүрлі қадам. Холдингтің 28 жылғы тарихында ұжым алғашқы рет мемлекет Басшысынан профильдік министрлікпен өзара қарым-қатынасқа араласуды сұрап отыр. Өкінішке орай, біз жағдайды шешудің барлық басқа

құралдарын тауыстық. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілдері бізбен диалогтан іс жүзінде бас тартып отыр. Сот органдарында да әділ шешімдерге қол жеткізе алмай отырмыз. Министрліктің әрекеті бүгінгі күні «АЗИЯ АВТО» жұмысына тосқауыл қойып отыр, зауыттың конвейерін тоқтатуға мәжбүрлейтін жасанды бюрократтық кедергілер жасауда.

Бүгінгі күні біз холдингтің бес мың жұмысшысы бар ұжымына жұмыстарын жалғастыруға, пісіру және бояу қуаттарының құрылысын аяқтауға, жаңа қуаттарға инвестицияны өсіруге, салық базасын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беруді ғана сұрап отырмыз. .

Біз компанияның ұжымына қолдау көрсеткен қазақстандықтардың әрқайсына алғыс білдіреміз және Президентіміз саланың ең ірі кәсіпорынының күйреуіне жол бермейді деп есептейміз.

азия авто

Юрий Петрович Швайченко 

«АЗИЯ АВТО» зауытын құрудың бастауында тұрған

1997-2005 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

«АЗИЯ АВТО» – қазақстандық өнеркәсіптің ең табысты брендтерінің бірі. Бұл салақұраушы кәсіпорын кеңестік мұраны жекешелендіру есебінен немесе шикізат байлықтарын пайдалану есебінен құрылған жоқ. Өскеменнің автоөндірісі кәсіби ұжымның күшімен құрылған. Бұл ұжым қысқа мерзімде ең ірі әлемдік автоконцерндердің сенімді серіктестерінің арасында өзінің еңбек сіңірген беделін жеңіп алған. Бұл ұжым біздің елімізді әлемдік машинажасау контекстіне интегралдады және жүйелі түрде барлық қолжетімді ресурстарды өндірісті және жаңа жұмыс орындарын дамытуға инвестициялады.

Бүгінгі күні бұл ұжымды күйретіп, конвейерді тоқтатқылары келеді. Жағдаймен толық таныстардың барлығына «АЗИЯ АВТОҒА» шабуылдың мақсаты -нарықтың шегі екендігі айқын. Оған жол беруге болмайды.

Мен «АЗИЯ АВТО» жұмысшыларының Президенттің атына жолдаған өтініштеріне қосыламын. Мыңдаған басқа қазақстандықтармен бірге мемлекет Басшысы кәсіпорынның жағдайына араласуы тиіс деп есептеймін.

азия автоЕрік Ерлесұлы Сағымбаев

«АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры: 

Өскеменнің конвейері жұмыс істеген кезеңде біздің холдингіміз өндірістің дамуын инвестициялады және республикамыздың бюджетіне жиынтығы $1 млрд.-тан астам соманы аударды. Бұл сан мемлекеттік преференциялар мен жеңілдіктер есебінен компания алған салық үнемінің сомасынан екі еседен астам асып түседі.

«АЗИЯ АВТО» – саланың ең ірі өндірушісі, салық төлеушісі, жұмыс берушісі және инвесторы. Оны сандар растайды.

2020-2021 жылға біз отандық автоөндірісті дамытудың сапалы жаңа кезеңін бастауды – толық циклді қуаттарды іске қосуды белгіледік. Оған $76 млн. инвестицияланды. Құрылыс қарқынды жылдамдықпен жүріп жатқандықтан, ол сома апта сайын үздіксіз өсуде.

Өткен 18 жыл ішінде зауыттың командасы Қазақстанның жаңа экономикасының қалыптасуы үшін көп еңбек етті. Біз осы жасампаз жұмысты жалғастыруға барлық күшімізді саламыз.

Талқылау