"+43°С градусқа дейінгі аптап ыстық": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 27-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Таяу күндері ел аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, қатты жел соғады.
Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43°С градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"