42500 теңге алуға өтініш қабылдау басталды
Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлем тағайындауға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
42500.enbek.kz порталы арқылы өтінімді бір мезгілде 75 мыңға дейін азамат бере алады. Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын тұлғалар үшін SMS-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, белсенді қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау белсенді қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
- Шілдеде 42500 теңге кімдерге берілетіні белгілі болды
- 42500 теңгені алу: Өтінімді тексеру қызметі іске қосылды
17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын тұлғалардан және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан өтінімдер қабылдау басталды.
Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.
Сондай-ақ, 42500 теңгені алу үшін өтініштерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 700 мың қазақстандық 42500 теңге төлемін белсенді түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алғандығын хабарлаған едік.