Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖ кезінде 42500 теңге алғандарға SMS-хабарламалар келе бастады

Төтенше жағдай кезеңінде 42 500 теңге төлем алған қазақстандықтарға қайта жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарламалар келе бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін 700 мың қазақстандыққа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама барды.

"Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.



Карантин кезінде төленетін жәрдемақыны алу үшін келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- "Электрондық үкімет" telegram-bot-ы;

- Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Еске салайық, өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Талқылау