Қызметкердің атынан 42500 теңге алуға ұсыныс берген жұмыс беруші тексеріледі

42500 теңге алуға қызметкердің атынан сұраныс берген жұмыс беруші тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ертеңнен бастап елімізде 42500 теңге алуға өтініш қабылдау басталмақ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов онлайн брифинг барысында айтып берді.

"Біз ертеңнен бастып, шілде айына 42500 теңге төлеу үшін өтініштеріңізді қабылдай бастаймыз. Оның тиісті ережесі әзірленіп, бүгін әділет министрлігінде қаралып жатыр. Бүгін тіркеледі деп ойлаймыз", - дейді Нұрымбетов. 

Осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс берушінің өзі ұсыныс беретін болды. Алайда, жұмыс берушілерді де толығымен тексерістен өтетін болады.  

"Біріншіден бұл төлем жұмыс жасап, карантиннің күшейтілген шектеулеріне қатысты табысынан айырылған азаматтарға төленеді. Ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы жұмыскерлерге беріледі. Бұл жерде өтінішті тек жұмыс берушісі береді. Жұмысшыларына сұраныс беретін жұмыс берушілерге бір ғана шарт олар жұмысы карантинге байланысты тоқтауы керек. Ол жерде аудан, қала бойынша штабтар, атамекеннің өңірлік өкілдері белгілейтін болады. Себебі қазіргі шектеулер төтенше жағдайға қарағанда жеңілдеу. Дегенмен, әр өңірде санитарлық дәрігерлер өз еркімен шектеулер енгізіліп жатыр", - дейді министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр