+41°С дейін ыстық және жаңбыр: Жаз кезінде Алматыда ауа райы қандай болатыны айтылды

Синоптиктер Алматыда жаздың басы ыстық болады деген болжам жасады. Маусым айының кейбір күндері ауа температурасы +36, +41°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазгидромет" метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаев көктемгі-жазғы кезеңге арналған болжам туралы баяндады.
Синоптиктер шілде мен тамыз айын маусымның ең құрғақ кезі болады деп болжауда. Мамандар ыстықтан ыс басып, өрт көбейіп, осындай қауіпті жайттар еселеп өсетінін айтады.
“Қазгидромет” мәліметінше, жаздың басындағы температура климаттық нормадан шамамен бір градусқа жоғары болмақ. Мамандар күн райы да осы кездері көп құбылатынын айтады. Ыстық күннен кейін әсіресе Алматының тау бөктеріндегі аудандарда аяқ асты нөсер жаңбыр жауып кетіп, найзағай ойнап, қатты жел соғып, артынша бұршақ жаууы да әбден мүмкін.
"Алматыда жазда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы әбден мүмкін. Жазда мұндай жағдай әсіресе кешкі уақыт пен тау бөктеріндегі аудандарда жиілейді. Сондықтан тұрғындар дауылды ескерту мен ресми болжамдарды мұқият бақылап отырғаны дұрыс", — дейді Дәулет Кісебаев.
ОқыңызӘдеттегідей, жаздың екінші жартысы — шілде мен тамыз ең құрғақ кезең болады. Жоғары температура мен жауын-шашынның аздығы өрт қаупінің артуына әкеледі, әсіресе тау бөктерін мен табиғи аумақтарда қауіп жоғары. Спикердің айтуынша, қала климаты біртіндеп жылынып келеді.
"Бұл әлемнің көп елінде болып жатқан жаһандық климаттық өзгерістің бір бөлігі. Алматы тұрғындары оның салдарын қазірдің өзінде сезіне бастады. Жаз ұзағырақ болып, қатты ыстық толқындары жиілеп келеді. Сонымен қатар ауа райы да құбылмалы әрі тұрақсыз бола түсті", — дейді ол.
Қатты ыстық ауа сапасына да әсер етуі мүмкін. Жоғары температура мен әлсіз жел кезінде атмосферадағы ластаушы заттар нашар таралады. Алматының жер бедерін ескерсек, бұл ыс басуға алып келуі ықтимал.
Синоптиктер аптап ыстық кезінде күннің астында ұзақ тұрмай, суды жиі ішіп, ауыр жұмыстан аулақ болып, балалар мен қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу керектігін айтады.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты