4 аптада сот арқылы банкроттыққа жүгінгендердің тек біреуіне ғана оң шешім шыққан
Қазақстанда 3 наурыздан бері сот арқылы банкроттыққа қанша адамның арызданғанғаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті жазды. Дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда 139 тұлға сот арқылы банкроттық бойынша арызданған.
“Жоғарғы Соттың мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күні төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен 139 тұлға жүгінді. Рәсімді қолдану бойынша ұйғарым 1 азаматқа қатысты ғана шығарылды”, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар комитет мәліметінде 84 арыздың кері қайтарылғаны жазылған.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді
