Алматыда сот орындаушы 370 миллион теңге мен Range Rover автокөлігін иемденіп алған
Фото: Stan.kz
Алматыда Жеке сот орындаушы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке сот орындаушы өзінің қызмет бабын пайдаланып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алған. Сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иеленіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.
Алмалы аудандық сотының үкімімен Жеке сот орындаушы қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін 188 млн теңге жымқырған "Қазсушардың" бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынғаны туралы жазған едік.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын