32 жастағы жігіт үйлену тойынан бас тартқан 16 жастағы қалыңдықтың басын шауып тастады
Үндістанның Карнатака штатының тұрғыны 16 жастағы қалыңдығына тұрмысқа шығуға тыйым салғаннан кейін қызды аяусыз өлтірді.
Фото: ru.freepik
Мадикери қаласының 32 жастағы тұрғыны Пракаштың отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен Сурлабби ауылында өтетін үйлену тойына келіскен. Алайда қалыңдықтың жасы 18-ге толмағанын білген құзырлы органдар мен балалар құқығын қорғау комиссиясының өкілдері неке қию рәсіміне рұқсат бермеген.
Нәтижесінде неке қию рәсімі болмайтын болды. Екі отбасы бұған келіскенімен, биліктің бұл іске араласуы Пракаштың ашуын туғызды. Келесі күні ол қыздың үйіне барып, ата-анасын аяусыз соққыға жыққан. Артынша қалыңдығын көшеге сүйреп алып шығып, басын шапқан.
Іле-шала оқиға орнынан ізін жасырған. Қазір полиция оны іздеп жатыр.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"