Демалыс 1 және 2 қаңтарда: Қазақстандықтар 31 желтоқсанда демалмайды

Фото: Istock.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков 31 желтоқсан демалыс күні болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа жылдың алды ресми деңгейде жұмыс күні болып қала бермек.
"Біз бұл мәселені қарастырдық, халықаралық тәжірибені зерттедік. Соның негізінде 31 желтоқсан барлық елде жұмыс күні, ал 1-2 қаңтар мереке күндері екенін анықтадық, демек 1-2-сі демалыс күндері деген қорытындыға келдік. Енді 31 желтоқсанды мереке күні деп жариялау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", – деді Оразбеков.
1 маусым демалыс күні бола ма: Шешім 1 қыркүйекке дейін шығады
1 қыркүйек демалыс күнге келіп отыр: Оқу-ағарту министрі алғашқы қоңырауға қатысты мәлімдеме жасады
Басқарма басшысының айтуынша, кәсіпорындардың өзі ішкі актілер аясында қызметкерлеріне демалыс немесе қысқартылған жұмыс күнін белгілей алады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ