1 маусым демалыс күні бола ма: Шешім 1 қыркүйекке дейін шығады

Фото: Freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев 1 маусымды ресми мереке етіп белгілеу туралы шешім қашан қабылданатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, жаңа мереке енгізу туралы кез келген ұсыныс мемлекеттік органдармен қарастырылып, келісілуі керек.
"Расында, мұндай ұсыныс айтылды. Қазір мемлекеттік органдармен және сарапшылармен талқылау жүргізіліп жатыр. Бұл талқылаудың қорытындысын сіздерге ұсынамыз", – деді Ертаев үкіметтің брифингінде.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бұл мәселеге қатысты әр министрлік өз көзқарасын білдіруі тиіс екенін айтты. Барлық дерек жиналған соң, мәселені үкімет басшылығы қарайды. Шешім 1 қыркүйекке дейін қабылдануы тиіс.
Еске салсақ, Қазақстанда 1 маусым – Балалар қорғау күнін демалыс күні ету ұсынылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған