Жылына 0-0,5% мөлшерлемемен ипотека берілетін болды
Данияда жылына 0-0,5 пайыздық көрсеткішпен ипотека берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат.
Даниялық Nordea Bank Abp банкі нөл пайыздық көрсеткішпен ипотекалық несие беруді бастады. Несиенің бұл түрін алудың бір ғана шарты бар. Несие 20 жылдан кем уақытқа алынбауы керек.
Қазіргі таңда банк қызметкерлері пайызсыз несие беру туралы жүйені 30 жыл мерзімінде келісімшартқа отыру бойынша жүзеге асыру жолын қарастырып жатыр. Ал ағымдағы айдың басында Realkredit Danmark банкі 0,5% көрсеткішпен 30 жылдық несие беруді бастап кеткен.
Сонымен қатар, Jyske Bank өкілдері 0,5%-дық несиені 10 жылға беруді жоспарлап жатқандарын айтқан. Бұл қолданушыларға банктен төлемқағазын алуға көмектеспек.
Пайызсыз несие беру жүйесі ыңғайланғанымен, мамандар бұл үрдіс баспананың қымбаттауына алып келетінін айтқан.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр