3 млрд теңге жетіспейді: Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені арттырмақ
Медициналық сақтандыру қоры шығындардан құтылу үшін комиссиялық мөлшерлемені арттырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock.com
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 3 млрд теңге жетіспейді. Сондықтан қор комиссиялық мөлшерлемені 1,18%-дан 1,6%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа мөлшерлеме 2024 жылдың маусымынан бергі жарналарға қолданылады, өйткені мемлекет оларды қорға әлі аудармаған. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"2024 жылдың соңына дейін 2024 жылы Қордың 3 млрд теңге көлеміндегі “кассалық алшақтық” және тиімсіз қызметі, Қордың міндеттемелерін төлемеу тәуекелдері бар", – делінген құжаттың түсіндірмесінде.
-
Қазақстанда алдағы уақытта сегіз медициналық анықтама электронды нұсқада беріледі
-
Еліміздегі барлық емханаларда науқастарды тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлемнен босатылған азаматтарға (балалар, жұмыссыздар, халықтың әлеуметтік осал топтары) мемлекеттік жарналардың жетіспеуіне байланысты 2024 жылға арналған міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды алу болжамын 1,4-тен 1 трлн теңгеге дейін төмендетті.
“ӘМСҚ-ның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру бойынша оның стратегиялық міндеттерін іске асыру үшін 2024 жылға арналған ӘМСҚ комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын 2024 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсанға дейін 1,18%-дан 1,60-ға дейін ұлғайту ұсынылады”, – делінген құжатта.
Еске салсақ, бұған дейін медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер туралы жазған едік.