2ГИС қосымшасы App Store сервисінен өшірілді
2ГИС картографиялық сервисінің қосымшасы App Store-дан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ мәліметінше, оны іздеуде, сондай-ақ сатып алу тарихында табу мүмкін емес. Қосымшаның ресми түрде неге жойылғаны белгісіз.
Дегенмен бұрын орнатылған қосымша жұмыс істей береді. Ақпараттар күнделікті жаңарып отырады, сонымен қатар қалаларды да жүктеуге болады.
Алдағы уақытта веб-нұқасын iPhone-дағы мобильді браузер арқылы қолдануға бейімдемек.
Бағдарлама АҚШ-та санкция тізіміне енгізілген Сбербанкке тиесілі.
2ГИС – 1999 жылдан бері қала карталарымен аттас электрон анықтамалықтарды шығарумен айналысатын халықаралық картографиялық компания.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді