"2026 жылға дейін үрейде ұстауы мүмкін": Сейсмолог жер сілкінісің күшейген тұсы мен баяулау сәті болатынын айтты
Қырғызстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының президенті, сейсмология институтының директоры Қанат Абдрахмановтың айтуынша, сейсмикалық белсенділіктің күшейген тұсы мен баяулау сәті болады. Ол жер сілкінісінің баяулаған сәті 2026 жылы болады деп болжайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет ашық желіден
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы Алматы аумағында қатты жер сілкінісінің болмау ықтималдығы 70% екенін айтқан. Қанат Абдрахманов қазақстандық әріптестерінің болжамымен келісетінін жеткізді. Ол сонымен қоса алдын ала болжам жасау кейде қате болып шығатынын да ескертеді.
“Жақын күндері Алматы аумағында мұндай қуатты оқиғалардың күтілмеуінің ықтималдық дәрежесі басым”, – дейді ол.
Қырғызстан сейсмология институтының директоры бұл жолғы зілзаланың қаңтармен салыстырғанда не себепті анағұрлым күштірек болғанын түсіндіреді. Оның сөзінше, мұның басты себебі – жер сілкінісінің Алматы қаласына жақын жерде болуында.
“Ол шамамен жердің 15 км тереңдігінде болды. Енді өзіңіз елестетіңіз, 15 км тереңдік дегеніміз Алматы үшін – дәл қаланың астында болғанмен бірдей. Сілкіністің вертикалды болуы да осы себепті. Ал мұның алдында Қытай жерінде болған жер сілкінісі Алматыдан алыстау болды. Сондықтан екі қалаға да (Бішкекті қосып отыр – ред.) тек горизонтальді толқындар келетін еді. Екі жер сілкінісің бір-бірінен өзгеше болуы да осыдан. Арақашықтығына байланысты”, – деп түсіндіреді маман.
- Алматылық дәрігерлер жер сілкінісі кезінде науқасқа ота жасауды жалғастыра берген (видео)
- Алматыда жер сілкінісі болған, болып жүр және бола береді – Бас сейсмолог
Қанат Абдрахманов Алматыға жақын маңда болған жер сілкінісі Бішкекте де сезілгенін қосып өтті.
Қазір оңтүстік астананың көп тұрғындарының көкейінде бір ғана сұрақ тұрғаны жасырын емес. Олардың көбі “жер сілкінісі қашан тоқтайды” деп алаңдайды. Қырғызстан сейсмология институтының директоры өз кезегінде сейсмикалық белсенділіктің күшейген тұсы мен баяулау сәті болатынын айтады.
“Біздің сейсмологиялық институттың зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес қызық деректі анықтадық. Белгілі болғандай, сейсмикалық белсенділіктің күшейген тұсы мен баяулау сәті болады екен. Яғни жер сілкінісінің соңғы күшейген тұсы 2008 жылы басталған. Біздің территориямызда өте қатты жер сілкінісі болып, 75 адам қаза болған. Демек бұл жер сілкінісінің баяулау сәті 2026 жылы болады. Демек бізге әлі де болса 2 жыл шыдай тұру қажет, осыдан кейін тыныштық орнаған ұзақ кезең қайта орнайды”, –дейді Қанат Абдрахманов.
Бұған дейін Алматыда жер сілкінгеннен кейін 156 нысанның бүлінгені туралы өтініш түскені белгілі болған.