Алматылық дәрігерлер жер сілкінісі кезінде науқасқа ота жасауды жалғастыра берген (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі кезінде де дәрігерлердің науқасқа ота жасауды жалғастырып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Видео ұлттық кардиология институтында түсірілген. Автордың сөзінше, ғимараттағы өзге адамдар далаға шығып кеткен.
"Ал біз шыққымыз келсек те шыға алмаймыз", – дейді автор.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік. Кейіннен Алматы әкімдігі жер сілкінісінен зақымдалған ғимараттар туралы мәлімдеме жасады.
"55 жасында дүниеге келген": Ата-анасы жасы келгенде туған қазақстандықтар қиыншылықтарын бөлісті
Самал: "Кей сәттерде ата-анамның өздері де бала секілді көрінеді"
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?