2025 жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша түсетін қаржы мөлшері көбейеді
2025 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша қазақстандық балалардың арнайы шоттарына биылғыдан көбірек қаражат аударылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова биыл аударылатын қаражат көбірек екенін айтты.
Қаржы институтының мәліметінше, 10 айда ұлттық банк ұлттық қорды басқарудан 5,3 миллиард доллар табыс тапқан.
"Ақша қаңтарда аударылады. Өткен жылы біз әрбір бала үшін 100 доллардан есептедік. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте табыс жылдар болды. Сондықтан жылжымалы орташа деңгей өсіп жатыр. Келесі жылдың қаңтарындағы сома жоғары болады", – деді Молдабекова брифингте.
Алайда ұлттық банк нақты соманы атай алмады. Төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, төлемдер 2025 жылдың қаңтарындағы бала санына байланысты болады.
Бағдарламада ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі қазақстандық балалар арасында бөлінетіні көзделген. Биыл 18 жасқа толған азаматтар 100,05 доллар алды. Жыл басында елде 6,9 миллион кәмелетке толмағандар болған.