2024 жылға арналған АЕК мөлшері белгілі болды
Қаржы министрлігі "2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын дайындады. Мұнда 2024 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері де жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. Ал АЕК мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарында бекітіледі:
- айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге.
АЕК жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, салық пен заңа сәйкес өзге де төлемдерді есептеу кезінде қолданылады. 2023 жылы АЕК 3450 теңге болған.
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
Астаналық салон қызметкері массаж кезінде әйелдің аяғын сындырған
Тексеру барысында салонның медициналық лицензияның жоқ екені анықталды