2024 жылдан бастап жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлік иелері де салық декларациясын тапсырады
Жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер 1 қаңтардан бастап салық декларацияларын тапсыруы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдағы жылы басталатын жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.
“Бүгінгі таңда елімізде 27 954 әрекетсіз жеке кәсіпкерлік бар. Өзінің бар-жоғын комитеттің сайтындағы "Электрондық қызметтер" мәзіріндегі "сенімсіз салық төлеушілерді іздеу" бөлімі арқылы тексере алады”, – деп мәлімдеді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар push-хабарламалар, мобильді банктік қосымшалар арқылы белсенді емес ЖК тізімінде азаматтарға ескерту келеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған