2024 жылдан бастап көлікті сақтандыру құны тіркелген аймаққа байланысты болады
2024 жылдың қаңтарынан бастап елімізде автокөлікті сақтандыру құны көлік тіркелген аймақтың тиімділігіне байланысты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сақтандыру компанияларымен дауларды шешу үшін міндетті сотқа дейінгі реттеу енгізіледі. Енді сақтандырудың барлық міндетті түрлері цифрландырылады.
Азаматтар сақтандыру ұйымының веб-сайты немесе мобильді қосымшалары арқылы барлық қажетті құжаттарды тіркеп, төлем алуға өтініштерін жібере алады. Қазірдің өзінде мұндай қызметтерді енгізіп, өтінімдерді онлайн қабылдайтын сақтандыру ұйымдары бар. Сондай-ақ дауды сотта қарау алдында сақтандыру омбудсменіне хабарласу қажет. Омбудсменнің қызметі сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қаржыландырылады.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"
Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді