2024-2025 оқу жылында оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыры аралығындағы оқу жылында қанша күн демалыс болатыны көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Бірінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаға дейін жеті күнге созылады.
Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 10 күн. Демалыс 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.
Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы болады. Көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін болады.
Бірінші сыныптар тағы жеті күн демаласады, олардың демалысы 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін созылады.
Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады.
9-10-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12-сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 18 маусымға дейін жалғасады.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты