2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады - Илон Маск
Америкалық кәсіпкер, Neuralink компаниясының басшысы Илон Маск клиника адам миына чип салу сынақтарын келесі жылы бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Құрылғы миға имплантацияланады және компьютерді немесе смартфонды ой күшімен басқаруға мүмкіндік береді. Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетеді.
Адам миына сынақ жасауды әзірлеуші компания осы жылы бастауы керек еді, бірақ үлгермеді. 2019 жылы ғалымдар чиптерді маймылдарда, 2020 жылы шошқаларда сынады. Бұрын әзірлеушілер ойдың күшімен маймылдың бейне ойынды басқарғанын көрсетті.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?