2022 жылы жер бетінде суық болады: Ғалымдар болжам жасады
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) климаттық бағдарламасының директоры Алексей Кокорин 2022 жыл бүкіл жер бетінде 2020 жылға қарағанда суық болады деп болжады.

Маманның айтуынша, бұл Тынық мұхитының оңтүстігінде суық судың бетіне көтерілуін тудыратын Ла-Нинья климаттық құбылысының дамуына байланысты болады. Бұл планетадағы орташа температураны төмендетуге әкеліп соғады.
- Егер вакцина бөлудегі теңсіздікті жойсақ, 2022 жылы пандемия аяқталады – ДДСҰ басшысы
- Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді
Ғалым сондай-ақ температураның төмендеуі жаһандық жылынумен байланысты процестердің дамуына әсер етпейтінін атап өтті.
"Бұл тенденциялардың өзгеруін білдірмейді. Жай ғана табиғи процесс", – деді ол.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады