Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылға арналған Қытай жұлдызнамасы: Жолақты Жолбарыс жылында сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді

Қытай жұлдызнамасы бойынша, 2022 — жолбарыс жылы. Жолбарыс - белсенді жануар, сондықтан барлығынан жігер мен бастамашылдықты талап етеді. Ешқандай іске ынтасыз, енжар адамдар табыссыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, жолбарыс - ақылды, табанды және сақ жануар. Осы қасиеттерге көңіл бөлсеңіз, келер жыл сізге жомарттық танытады. Келер жыл біреу үшін тек сәтті, ал енді біреу үшін тек сәтсіз болмайды. Жолбарыс жолақты болса, оның жылында да бізді түрлі тосынсыйлар күтері сөзсіз. 

Егеуқұйрық

Егеуқұйрыққа жаңа бастамаларға бармаған дұрыс. Әсіресе, қауіпті жобалардан алшақ болыңыз. Себебі мұндай істе жетістікке жетуіңіз екіталай. Дұрысы, бұрыннан атқарып келе жатқан ісіңізді жалғастыру. Бұл жағдайда Жолбарыс сізді міндетті түрде қолдайды. 

Есесіне бұл жылы махаббатта жолыңыз болады. Жаңа таныстықтарға дайын болыңыз. Дұрыс қарым-қатынас құра білсеңіз, соңы жақсылыққа ұласуы мүмкін. Бастысы, екінші жартыңызға көп мін тақпаңыз.  

Бұқа
Келер жыл оқиғалар мен жаңа идеяларға толы болмақ. Әсіресе, кәсіппен айналысатын бұқалар үшін белсенді жыл. Басыңызды айналдыратын ұсыныстар түсуі ғажап емес. 
Бірақ барлық іске бірдей кіріспеңіз. Ойыңыз, күшіңіз шашырап кетеді. Қай салаға басымдық беру керектігін шешіп алыңыз. Болашағы бар қызмет түрін таңдаңыз. 



Қаржылық өзгерістер болады деп айту қиын. Есесіне махаббатта жаңа есіктер ашылады. Басы бостар сүйікті адамын табады. Ал бұрыннан кездесіп жүргендерге үйлену үшін сәтті жыл. Бұл жылы отау құрғандардың одағы берік әрі бақытты болады. 

Жолбарыс

Жолбарыс үшін жарқын, мазмұнды жыл болмақ. Күш пен сенімділігіңіз, энергияңыз артады. Бұрыннан ойда жүрген дүниелерді іске асыруға ресурсыңыз жетеді. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Бастамашылдықтан қорықпай, екпінді бола білсеңіз, табысқа жетесіз. Болашағыңызды құрумен қазірден бастап айналыссаңыз болады. Алдағы 12 жылдың іргетасын қалайсыз. Алдағы жылдары не болатыны тек өзіңізге байланысты. 
Шығындарға жіті көңіл бөлген дұрыс. Ақшасыз қалмас үшін есеппен жарату қажет. Қосымша табыс көзін қажет ететін кезең келуі мүмкін. 

Қоян

Бұл жыл сіз үшін әртүрлі болмақ. Бір сәтте табысты сезініп, бастаған істеріңіз сәтті жүзеге асса, ендігіде кедергілер шығуы ғажап емес. Салыңызды суға түсірмеңіз. Кез-келген қиындықтан шығуға болады, бастысы жаңа жолдар іздеңіз. 

Айналаңыздағы адамдардың көмегінен бас тартпаңыз. Сізді қиын жағдайда қолдайтын мүдделес адамдарды табуыңыз мүмкін. 
Мұндай адамдарды өз жағыңызға тарту үшін шешендік қабілетіңізді іске қосуыңыз керек. Сіз керек адамдарды сендіре аласыз. 
Қаржылық жағынан тұрақсыздық байқалады. Сондықтан кез-келген жағдайда қиналып қалмас үшін артық ақша сақтап қойыңыз. 

Ұлу
Келер жыл сізден белсенділікті талап етеді. Көптеген істерде өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Егер жалқаулық танытсаңыз, Жолбары сізді қамшылаудың жолын табады. 

Жолбарыс Ұлудың бос әбігерге түскенін құптамайды. Сіздің әрекеттеріңіз нық болуы керек. Нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылыңыз, шешімін табыңыз. Сол кезде 2022 жылдың иесі сізді қолдайтын болады. 

Жылдың алғашқы айынан бастап табысыңыз артуы мүмкін. Алайда ақша аспаннан түспейді. Мол табысқа кенелгіңіз келсе, пысық, бастамашыл болуыңыз қажет. Денсаулыққа жіті көңіл бөлген дұрыс. Созылмалы ауруларды жеңіп, физикалық дайындығыңызды арттыруға осы жылы мүмкіндік көп. 


"Өзгерістер уақыты": 2022 жылға барлық зодиак белгілеріне арналған жұлдыз жорамал


Жылан

Жылан мен Жолбарыстың ара-қатынасы күрделі. Жолбарыс қарапайым бақылаушы болғанды құп көреді. Ол Жыланның өмір а,ысына тікелей әсер еткісі келмейді. Бұл дегеніміз, өміріңіздің ағысын өзіңіз анықтай аласыз. Жыландарға берілген жол мен мүмкіндік көп. Солардың ішінен өзіңізге оңтайлы, қызықты жолды таңдауға болады. 

Шығармашылықта, рухани ғылымдар мен жаңа білімді игеруде табысты болуыңыз мүмкін. Спортта да жетістікке жетуге болады. 
Сіз үшін романтика өте маңызды болмақ. Ол сізді эмоционалды тұрғыдан қолдап, өміріңізге ляззат сыйлайды. 

Жылқы

Ойға алған істерін жүзеге асыру үшін Жылқылардың энергиясы тасиды. Егер жалғыз өзіңіз вакуумда іс атқарсаңыз, қолыңыздан бәрі келер еді. Бірақ сіздің айналыңызда адамдар бар. Біреу міндетті түрде ағаттық жібереді, ал ол нәтижеге әсер етпей қоймайды. 
Бұл жылы ортақ істерден бойыңызды аулақ ұстап, өзіңізді дамытумен айналысқаныңыз жөн. Егер де басқа адаммен жұмыс істеуге тура келсе, көп нәтиже күтпеңіз. Сонда көңіліңіз де қалмайды. 

Сіз үшін өмірдің рухани саласы сәтті болмақ. Осы салада дамысаңыз, ішіңізден үйлесімділікті табасыз. 

Қой
Қойлар эмоцияға берілгіш болғандықтан, үлкен проблемаларға кезігуі мүмкін. Қызбалықпен қабылдаған шешім мен жанжалға үйір болуыңыздың кесірінен айналадағы адамдармен түсініспей, жаңа кедергілерге кезігесіз. 

Есесіне жұмысыңызды адал атқарсаңыз, қызметіңіз жоғарылуы ықтимал. Материалдық тұрғыда да табысқа кенелуіңіз мүмкін. 
Махаббатқа келсек, күрделірек. Махаббатта бақытты болғыңыз келсе, екінгі жартыңыз үшін өзгеруге дайын болыңыз. Қолыңыздан келсе, бәрі жақсы болады. Қиын жағдайда жақын адамдармен сырласу сізге жағымды әсер етеді. Олар қолдау көрсетіп, дұрыс кеңес береді. 

Мешін

Сіздің айналаңызда ресурс көп болады. Ақша, таныстықтар, шығармашылық идеялар мен оларды жүзеге асыруға қажетті құралдар - барлығы қолжетімді болып көрінеді. Тек барды алып, іске кірісуге болатындай. Бірақ бір мәселе бар. Бар ресурстарды қалай қолдану керектігін дұрыс бағалай алмай қалуыңыз мүмкін. Сондықтан асықпаңыз. Таразыға салып барып шешім шығарыңыз. Ненің қандай мақсатта қажет болатынын анықтап, өзіңізге есеп беріңіз. Махаббатқа келгенде, шамадан тыс эмоцияға берілмеңіз. 

Қораз

Жолбарыс жылы сіз үшін жағымды болады. Табыс пен сәттілік серігіңіз болып, көп жағдайлар сіздің пайдаңызға шешіледі. Бірақ солай екен деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Өзіңіз ешқандай әрекет жасамасаңыз, жоғарғы күштен берілген барлық бонустар пайдасыз болып қалады. Қаржы саласына назар аударыңыз. Бар капиталды дұрыс жұмсай білсеңіз, табысты болуыңыз ықтимал. 

Ит

Өміріңіздегі маңызды сұрақтарды жеке шешкіңіз келуі мүмкін. Бірақ ол жағы қиындау. Бұл жылы істі жалғыз атқару оңай болмайын деп тұр. Өзгелердің көмегінен бас тартпаңыз. Бірлесіп жұмыс істеу үлкен табысқа жеткізеді. Көңіл-күйіңізге жиі назар аударыңыз. Неғұрлым оптимистік көзқараста болсаңыз, соғұрлым бұл жыл жағымды оқиғаларға толы болады. 

Доңыз

Сіз үшін молшылық пен табыс жылы. Ойыңызға келген барлық, тіпті батыл істерді жүзеге асыруға тырысыңыз. Уақытты кейінге шегермеңіз. Себебі сізде бір ғана уақыт бар. Ол - бүгінгі күн, қазіргі сәт. Жолбарыс жылы шығармашылықта табысқа жетуге, кәсіби біліктілігіңізді арттыруға, қызметте жоғарылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, махаббатта да жолыңыз болады. Ең бастысы, мүмкіндікті қалт жібермеңіз. 

Талқылау