Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы жастары" бағдарламасы биыл 18 миллион теңгеге дейін несие береді

Осы жылдан бастап "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелендіру мөлшері 14-тен 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы жастары" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы байқауының бірінші кезеңі 2021 жылдың 10 наурызында басталады.

"Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның көтерілуіне байланысты несие сомасын 18 миллион теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Біз мәслихат пен әкімдіктен қолдау алдық. Қазір құжаттар дайындалуда. Сатып алу мүмкін болады бастапқы және қайталама нарықтарда. Біз шамамен 1000 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Оның 14 миллионы қалалық бюджеттен, ал 4 миллионы - "Отбасы банкі". Сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады - 5%, алғашқы төлем - 10%.

"Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1000 жас маманды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Бірінші кезең наурыздың 10 күні басталады деп жоспарлануда", - деді  Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының орынбасары Ермек Әміров.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға құқылы санаттар тізіміне енгізілді. Бұрын пәтерлерді денсаулық сақтау қызметкерлері, білім беру қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мәдениет және спорт, әлеуметтік және медиа қызметкерлері ала алатын. Бағдарламаға осы бағыттар бойынша кез келген лауазым иелері қатыса алады.

"Ертеректе ережелерде міндетті түрде Алматыда тұру туралы талап болған. Бірақ әкімнің тапсырмасы бойынша ол алынып тасталды. Енді қалада адам белгілі бір жерлерде жұмыс істеуі керек", - деп қосты Әміров.

Өтініштерді қабылдау 10 мен 31 наурызды қоса алғанда жалғасады деп күтілуде.

Сөзінше, былтыр бағдарламаға өтініш жолдап, резервке ілінгендер биыл байқауға қайта тапсыруы қажет болады. Себебі былтыр жоспарланған 1000 жас маман үймен қамтамасыз етілген. 

Бұған қоса, "Отбасы Банк" АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова бағдарламаның бірқатар шарттарын атап өтті. 

"Алматы жастары" бағдарламасы жастарды баспанамен қамтамасыз етуде жақсы нәтиже көрсетті. Тұрғын үй бағдарламасының аясында азаматтар жаңадан салынған үйлерді немесе бұрын қолданыста болған пәтерлерді де сатып ала алады", - дейді Данагүл Түсіпова. 

Өтінімді ЭСҚ қолдану арқылы www.almaty-zhastary.kz сайтында беруге болады, құжаттар eGov арқылы тексеріледі, хабарлама веб-сайттағы жеке кабинетке түседі. Ұпай жинау бірнеше санат бойынша жүзеге асырылады: әр некеде тұрған жыл үшін - 2 балл, бір баланың қатысуымен - 1 балл, әр кейінгі үшін - 2, үздіксіз қызметтің әр жылы үшін - 2 балл.

Талқылау