Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Арыстан

2020 жыл Арыстандар үшін екі кезеңге бөлінеді. Алғашқысында (қаңтар – маусымның соңы) ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасай бастасаңыз, екінші кезеңде (шілде – желтоқсан) жұмысыңыздың нәтижесін көре аласыз. Сонымен қатар бұл кезеңде таңдаған салаңыздың, қабылдаған шешімдеріңіздің дұрыс-бұрыстығын анықтай аласыз.

Айта кетерлігі, жыл бойы биікке жетуді де, төменге құлауды да бастан өткеруіңіз мүмкін. Алайда өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келсе, аталған жағдайлардан қашу мүмкін емес. 

2020 жылдың көктемі мен жаз мезгілінің басында көптеген қызықты жайттар орын алады. Сонымен қатар күтпеген ұсыныстар жасалуы мүмкін. 
Ал маусым айының соңында шығармашылық мүмкіндіктеріңізді көрсете аласыз. Бұл уақытта өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, бойыңыз күш-қуатқа толып, жан-дүниеңізде тыныштық орнайды. Мұндай кезең қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. 

Ал күз мезгілінде Арыстандар алдына нақты мақсат қойып, бар назары соған ғана аууы мүмкін. Егер діттегеніне жете алса, жұмсаған күш-қуаты, уақыты мен қаржысы үшін өкінбейді. Ал егер мақсатына жете алмаса, ұзақ уақыт бойы жаны жай таппай, бойын ашу-ыза кернейтін болады. 

Жыл соңында Арыстандарға қарқынын төмендетіп, ауыр міндеттерді алудан қашып, кез келген қиындықты бүкіл отбасымен кеңесіп шешкен жөн.

2020 жылға арналған барлық белгілердің жұлдыз жорамалын мына жерден көріңіз

Талқылау