2016 жылы Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан жауынгердің әкесіне көлік кілті табысталды
2016 жылы теракт кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесіне Ұлттық гвардия басшылығы салтанатты түрде сертификат пен көліктің кілтін табыстады. Досбол Сапар террористтер 6655 әскери бөліміне қарулы шабуыл жасаған кезде ерлікпен қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Сарбаздың әкесіне құнды сыйлық табыстау туралы бастаманы Ресей Федерациясы Дзюдо ардагерлері ұлттық қауымдастығы ұсынған.
Идеяны Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық гвардия бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қолдады.
Көлік кілтін табыстау кезінде Ботақанов сарбаздың әкесіне алғыс айтты.
"Ол Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбітшілік үшін жанын тапсырды", – деді Еркін Ботақанов.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған