Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20.02.2022 және 22.02.2022: Нумеролог жылдың ерекше күндерінен не күтуге болатынын айтты

Барыс жылының бастамасы елімізге оңай тиген жоқ. Дегенмен мамандар бұл жылдың үлкен мақсаттарды орындауда сәттілікке толы екенін айтады. Нумеролог Гүлдана Дербесова  2022 жылдың ақпан айындағы ерекше даталарды Stan.kz ақпарат агенттігіне талдап берді.

2022 жыл дәл 1986 жылдағыдай вибрацияны береді 

Жылдың басы еліміз үшін оңай болған жоқ. Алайда нумерологиялық санау жүйесі бойынша іштегі толқыныс қадамдары мен халықтың көтерілу вибрациясы дәл 1986 жылды қайталап тұр. Яғни сол жылы да үлкен төңкеріс болып, қаншама жас, өмірлерін тәуекелге тігіп, нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткізген болатынбыз. Биылғы жыл да дәл сондай толқынмен басталып, билікте түрлі өзгерістер орын алуда. Дәл желтоқсан оқиғасы болған жылдағыдай қантар айы астрология бойынша үш бірдей уран, меркурий, марс планеталарымен ұштасты. Бұл – халықтың шыдай-шыдай ақырында іштегі назын шығаруына үлкен әсер етуші факт. 2022 санының өзі нумерологиялық есептеу бойынша 6 санын беріп тұр. Ал 6 – отбасы саны. Бұл жылы біз отбасымыздың, еліміздің, мемлекеттігіміздің көркеюіне аса мән беруіміз керек. Отан отбасыдан басталады. Сондықтан жанұямыздан бастап мемлекеттіміздің жағдайына көңіл бөлгеніміз абзал.

 

02.02.2022, 20.02.2022, 22.02.2022 – айналы даталар, бұл күндері

ойлағаның екі есе оралады

Қарап тұрсаңыз, 2022 жылда 2 сандары көп кездеседі. 2 саны бұл қозғалысты, қарбаласты, белсенділік пен алға жылжуды сипаттайтын сан. Ақпан айындағы ерекше көрінетін үш 02.02.2022, 20.02.2022, 22.02.2022 даталары айналы сандар. Айнаға қарағанда өзіңізді көресіз, бұл күндері осыған ұқсас жайттар орын алады. Яғни, егер жақсы жақты көп ойлап, соған қарай ұмтылсаңыз, ол сізге екі есе дәл сіз ойлағандай оралады. Егер жаман жақты көп ойлап, уайым мен күдікке салынсаңыз, тағы да сіз ойлаған дүние бұлжымай келеді. Сондықтан да адамдарға армандар картасы, визуализация, медитация, аффирмация сияқты дүниелерді осы даталарда жасап, арман-мақсаттарыңызды ойластыруға кеңес береміз. Өйткені бұл айдың вибрациясы сенген дүниелерді екі есе орындайтын күшке ие. 

 

Ақша табуға өте қолайлы ай

Ақпан айы күш-жігер мен мол энергияны береді. Бұл қосымша жауапкершіліктер алып, ақша табуға өте қолайлы мезгіл. Егер тәуекел етіп, міндеттер алсаңыз, мол табыс тауып, қалтаңызды қалыңдатуға ыңғайлы кезең болады. Бұл айда адамдардың күш-қуаты тасып тұрады. Дүниені қопарып тастайтындай энергиясы болады. Соны пайдалана отырып, тек өзіңіздің емес, айналаңыздағылардың да әл-ауқатын жақсартуға мақсат қойыңыз. Ақпан айындағы 20.02.2022 күнін мысал ретінде алып қарастырсақ:  нумерологиялық есептеулер бойынша бұл 1 санын береді. Ал 1 саны бұл бастаманы, алғашқы қадамды білдіреді. Сондықтан да көптен бері ойлап жүрген дүниелерді орындауда сәтті күн болмақ. 

 

Ең бастысы – сенім 

Көпшілік ай, күн жылдардағы бірдей сандарды көріп ерекшелікке балап жатады. Сол күні тағдырымда бір өзгеріс болса екен деп ойлайтындар да жоқ емес. Бұның барлығы сенімге байланысты. Неге сенсеңіз, соның айналып келерін ұмытпаған жөн. Айтып кеткенімдей, барлық сандардың өзіне сай жақсы да жаман да тұстары болады. Сондықтан бір датаға байланудың қажеті жоқ. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Youtube арнамыздан тамашалай аласыздар:

Сұхбатты дайындаған: Гүлсезім Мұхатай, Нұрсұлтан Нұрманбек

Талқылау