Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200 адам қатысқан: Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жазаланды

Түркістан облысында 200 адамға арналған көкпар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкпар Қарнак ауылының маңындағы жайылымдардың бірінде өтті. Ойындарға шамамен 200 адам қатысты. Полиция бұл шараны тоқтатып, жиналғандарды үйлеріне жіберді. Сондай-ақ, мобильді топ тұрғындармен белгіленген карантиндік талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында осы ауылдың
тұрғынымен «Көкпар» ұлттық ойыны ұйымдастырылып жатқаны анықталды.
Аталған іс-шара дер кезінде тоқталып, азаматтарға карантин талаптарының
сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналған
қатысушылар қайтарылды. Ал жинақталған құжаттар шара көруге
қадағалаушы органға жолданды.

Өз кезегінде көкпарды ұйымдастырушы азамат бұл жағдай
денсаулыққа қауіпті індеттің өңірде кеңінен таралуына әкеп соқтыратының
ескеріп, іс-әрекетінің дұрыс емес екенін түсінді.

Дәл осындай көкпар 08.11.2020ж. Кентау қаласының Қарнақ ауылында
да өткізілген болатын. Оған облыстың өзге аудан мен қалалардан 500-ге
жуық азаматтар келіп қатысқан. Бұл іс-шара «Ютуб» ғаламтор желісінде
кеңінен таралған.

Ол кезде де аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында облыс
прокуратурасымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына
ұсыну енгізіліп, нәтижесімен көкпарды ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 425-
бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілгені туралы хабарланды.

Талқылау