17 тонна артатын жүк көлігін сүйреген бойжеткен елді таңғалдырды
Алматыда пауэрлифтинг спорт түрінен әлем және Азия бойынша чемпион Дарья Нестерова 17 тонна артатын жүк көлігін бірнеше метрге дейін сүйреді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жанынан өтіп кете алмадым. 30 секундта 17 тонна сүйредім. Мен өзімді ұстауға тырыстым. Бірақ трек-пулға деген махаббатым бәрін жеңді», – деп жазды Дарья өз Instagram-парақшасында.
Дарья Нестерова экстремалды спорт түрлері бойынша Ресей чемпионы, пауэрлифтинг бойынша әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның экстрим және пауэрлифтинг бойынша рекордсмені. Зілтемірді жатып көтеруден Азия чемпионы.
Бұған дейін ол ішінд 50 жолаушысы бар трамвайды орнынан жылжытқан болатын.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады