AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы жеткіншек педофилді өз қолымен өлтіргені үшін сотталып жатыр

Израиль прокуратурасы 42 жастағы педофилді өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қылмысты қасақана істеді деген айып тағып отыр. Тергеушілердің айтуынша, қылмыс егжей-тегжейлі ойластырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме беріп.

Аты-жөні белгісіз израильдік жеткіншек әлемді педофилдерден “тазарту” миссиясын мойнына алған. Қылмыстан соң арада аз уақыт өтпей оның компютерінен қылмысын дәлелдейтін мәтін күйіндегі айғақтар табылған. 

Марқұм Хаим Визман осыған дейін педофилия үшін сотталған. Жасөспірім педофилмен желіде танысқан. Қысқа уақыттағы виртуалды қарым-қатынастан соң екеуі кездеспекші болады. Жеткіншек кездесуге өзімен бірге арнайы пышақ алып барған. Содан соң педофилді пышақтап өлтірген.

Кейін жас жігіт өзінің электрондық пошта жәшігіндегі барлық хат-хабарларды өшірген. Алайда полиция күдіктінің жеке басын тез арада анықтаған. 

Алдымен жасөспірім марқұммен таныс болғанын жоққа шығарған. Содан кейін өзіне шабуыл жасалғанын, оны зорламақшы болғанын айтқан. Өз-өзін қорғау нәтижесінде өлтіріп қойғанын алға тартады. Кездесуге пышақпен келуінің себебін марқұмның ағаш кесумен айналысуы деп көрсеткен. Айтуынша, ол жас жігіттен пышақ әкелуін өтінген.

Тәжірибелі полицейлерге шындықты анықтау қиын болған жоқ. Істің анық-қанығын анықтау жасөспірімнің компьютерінен табылған мәтіндік файл арқылы мүмкін болған. Онда ол өзінің іс-әрекетін моральдық тұрғыда бағалап, келесі қылмыстар туралы ойтолғауын жазған.  

Мамандар сот баланың кәмелетке толмағандығына қарап, жазаны жұмсартатын шығар деген ойда. Алайда марқұмның қандықол қылмыскер болғаны оның жазасын жеңілдетпесі анық.


Қарапайым жігітке тұрмысқа шығуды ұйғарған ханшайым 1,3 миллион доллардан бас тартты 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр