16 жастағы қазақстандық пара дзюдошы Азия чемпионатын жеңді
Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медалін иеленді. Жарыстың екінші күні 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы Альфия Тілекқабыл зағип спортшыларға арналған J1 санатында өнер көрсетіп, қазақстандық Дилора Диханова мен өзбекстандық Хосиотхан Позильжоновты жеңді.
Бұл – Альфия Тілекқабылдың алғашқы Азия чемпионаты.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Азия чемпионаты өтуде.
Жарыстың бірінші күні Даяна Федосова (57кг, J2) және Ерғали Шамей (73кг, J1) чемпион атанды, Ақмарал Науатбек (52кг, J2) күмісті, ал Олжас Оразалы (73кг, J2) қола медаль иеленді. Париждегі Паралимпиадаға дейінгі ресми чемпионатта J1 (жалпы зағиптар) және J2 (көру қабілеті нашар спортшылар) санатындағы спортшылар бақ сынайды.
Құрлықтық біріншілік 30 сәуірге дейін жалғасады.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жинаған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды
