Бұрынғы күйеуінен қызғанған: Түркістан облысында жұбайы әйелін мылтықпен атып өлтірді
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызғаныштан әйелін өлтірген 41 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Сауран ауданы Қаражон ауылында болды. Тергеу материалдарына сәйкес, жәбірленуші 34 жаста. Оның күйеуі 16 калибрлі мылтықпен басынан атқан. Әйел оқиға орнында көз жұмды.
Сотта қылмыскер әйелді өлтірмеймін, тек қорқытқысы келгенін айтты. Соған қарамастан 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.
Ол қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"