AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім пәтерімді, көлігімді тартып алып, ұлыммен далада қалдырды": Мүгедектігі бар баланың анасы төрт жыл бойы әділдік іздеп жүр

Алматылық Лейла Исенқұлова табысты кәсіпкер әйел. Екінші рет тұрмыс құрғанда ол күйеуінің белсіздігіне байланысты ЭКО жасатып, сәби сүйген. Алайда процедуралардың өте қиын әрі бірнеше рет жасалуы әсер етті ме, әйелдің ұлы аутизмге шалдығады. Қазіргі уақытта өзімен ажырасып кеткен күйеуі ұлын емдетуге мұрсат бермей, оны қарызға батырған, үйін, өзіне тиесілі көлігін “заңды түрде” тартып алған. Лейла күйеуінің жоғары лауазымды адамдармен ауыз жаласқанын айта отыра, мәселесінің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтып, әділдік іздейді. Stan.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын білді.

Лейла Исенқұлова, ұлы

Лейла Исенқұлованың сөзінше, барлық қиындық екінші рет тұрмысқа шыққаннан кейін басталған. Оның бұрынғы жұбайы  Нұржан Қожамұратов – ел арасында белгілі кәсіпкер.

“Екінші рет тұрмысқа шықпай тұрып менің атымда әскери қызметкер болған әкемнен қалған жылжымайтын мүлік бар еді. Осы қаланың ортасында орналасқан, үш бөлмелі пәтерде тұрып жүрдім. Одан бөлек, тұрмысқа шықпай тұрғанда салоннан шыққан жаңа көлігім бар еді. 98-жылға дейін кәсіппен айналастым, осы жылы мемлекеттік органға жұмысқа тұрдым. Біраз уақыт қызметте істедім, “подполковник” атағым болды. Күйеуіммен танысқан уақытта ол “Раимбек Ботлерс” компаниясында менеджер қызметінде болды. Үйленген соң екеуміз менің пәтерімде тұрдық, көлігімді айдадық. Тіпті көлік айдауды да өзім үйреттім. Алайда арада біраз уақытта бұл көлікті мүгедектігі бар делінген әкесіне сыйладық. Алайда кейіннен әкесінің мүгедектігі дәлелденген жоқ”, – деп бастады оқиғасын Лейла.

“Күйеуім белсіз болды, үш рет ЭКО жасаттым”

Нұржан Қожамұратов, Facebook

2003 жылы Лейла күйеуінің белсіздікке шалдыққанын оның бірінші әйелінен біліп, емдеу шарасын бастап кеткен. Өзі үш рет ЭКО процедурасын жасатқан. Екі рет Қазақстанда, бір рет Санкт-Петербургте.

“Ешқандай нәтиже берген жоқ. Күйеуімнің туысқаны донор болды, бірақ сәйкес келмеді. Басқа адамды таптық. Донорлықта генетикалық материалдар кімнен алынғаны, баланың кімнен туғаны құпия күйде қалады. Бұл адам ұрықты қабылдамай қоймас үшін жасалады. Бірақ мен үшін әрқашан бұл менің ұлым болып қала бермек. Күйеуімнің белсіз екенін дәлелдейтін талдаулар менде сақтаулы”, – дейді Лейла.

Ұзақ уақыттан кейінгі ем шараларынан соң 2007 жылы ол ұл босанады.

“Қиын болды. ЭКО-дан кейінгі шаралар, сақтауда жаттым. ЭКО-ның өзі өте зиян, тіпті обыр ауруын тудырады. Аналық безді бір рет ынталандыру 22 айға қартайтады. Ал мен ЭКО-ны үш рет жасаттым”, – дейді ол.

Екі жылдан кейін баласында ауытқулар басталған. Регрессивті аутизм диагнозын дәрігерлер нақты қоймаса да, алдын ала болжам жасалған.

Лейла Исенқұлова, журналистермен кездесуде

“Бала сөйлемей қалады, көзге тіке қарамайды. Агрессивті бола бастайды. Мұны моральды тұрғыда жеңу өте қиын”, – дейді анасы.

Айтуынша, 2009-2014 жылдар аралағында күйеуі жұмыс істемеген. Ұлының емі мен басқа да қаражат шығындарын пәтерін сатып жібергеннен кейінгі қаражат есебінен төлеген.

Әйел ұлын Араб Әмірліктеріне, одан соң Түркияға емдетуге алып барған. Осы аралықта ол күйеуі Нұржан Қожамұратовқа үй-жай, мүлікке қарайласу мақсатында сенімхат қалдырып кеткен. Ем шараларына 5 жыл уақыт кеткен. 

“Әкем екеуміз үлкен қызыма арнап, Дубайдан пәтер сатып алғанбыз. Бірінші некеден туған қызымның атында үй бар. Ол жас болғандықтан өзі сата алмайды деп күйеуімнің атына аударамыз. Осы мәселемен сол айналыссын дейміз. Оның ағылшын тілі деңгейі де жақсы. Білімі бар азамат. 2011 жылы қызымнан пәтерді қарызға алып, оны сатамыз”, – дейді Лейла.

Қазақстанда аутистер ем-домына жағдай жасалмаған

“2013 жылы Қазақстанда аутистерге арналған арнайы емдеу орындары болмағандықтан, Дубайға баратын боламын. Қазірдің өзінде аутистерге берілетін көмек өте әлсіз. Осы кезде күйеуіммен бірге тұрмаймыз деп шештік. Себебі ол мансап жолында жүргісі келді, ал мен баламның денсаулығын уайымдап жүрдім.

Алматыда аутистерге жүргізілетін емнің бір сағаты 5 мың теңге тұрады. Ал менің балама күніне 8 сағат керек. Түркияда екі есе арзан, ол жақта дәрігерлер балаларды дене шынықтыру арқылы жақсы қалыпқа келтіреді. 

Түркияда жүрген кезде екеуміздің арамыз суып кетті. Мен интеллигентті түрде, барлық мүлікті бөліп ажырасамыз деп ойладым, – дейді әйел.



Күйеуім сенімхат арқылы мүлкімді тартып алды

Осы аралықта әйелінің атынан күйеуі жалған ЭЦҚ жасап, мүлкін басқа адамға сыйлап, көлігін кепілге береді. Яғни отбасын өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалдырады. Онымен қоймай, күйеуі үлкен сомада несие алады, ал сот қарызды әйелін төлетуге мәжбүрлейді.

2017 жылы мен Түркияда баламмен бірге емделіп жүргенде күйеуім келіп, үйді сенімхат арқылы бір ауданнан екінші ауданға ауыстырамын деді. Ол жағдайда маған бәрі қалыпты көрінді, себебі үйіміз ешбір ауданға кірмей қалып, мәселелер туындады. Түркиядан келген соң үйде басқа біреулердің тұрып жатқанын көрдім. 2018 жылы сенімхатты ресми түрде қайтарып алдым”, – дейді Лейла.

Белгілі болғандай, ол сенімхатты пайдаланып, Лейланың көлігін кепілге қойған, бірақ оны өзі айдап жүрген. Ал әйелімен рұқсатынсыз ажырасып кетіпті. Үйді әкесінің атына аударған екен. Полиция оған ештеңе істей алмаған.

Осы кезде Кажмұратов оны бопсалай бастаған.

“Егер кетпесең, проблемаң көбейеді деді. Екеуміз полицияға барамыз, бірақ олар көлікті қайтарып бермеді. Тіпті күйеуім ресми құжаттарда 2016 жылдан бері менің қайда тұрып жатқанымды білмеймін деп жазған. Алайда 2017 жылы ол маған Түркияға келіп, сенімхатты алып кеткен.  Ал сенімхатта “сыйлау” туралы бірде-бір сөз де жоқ. Көлік болса, сол уақыттан бері іздеуде. Кепілге беру келісімшартында да менің жалған қолтаңбам тұр. Осылайша, үйсіз, көліксіз далада қалдым”, – деп түйіндеді сөзін Лейла.

Әйел күйеуін ата-ана құқығынан айыру үшін мамандандырылған сот көмегіне жүгінген. Алайда сот оны қабылдамаған. Сондықтан әкесінің рұқсатынсыз баламды шетелге шығара алмаймын деп отыр. Ал күйеуі болса әкелікті тану бойынша сотқа арыз берген.

Лейла бұрынғы күйеуі жоғары лауазымды қызметкерлермен ауыз жаласып, бар ресурстарын өзіне қарсы пайдаланып отыр деген уайымын жеткізді. Қазіргі уақытта ол жалдамалы пәтерде тұрып жатыр және баласына аса қажетті ем шарасын ұсыну үшін шетелге шығара алмай отыр. Ал әкесі баланың шетелге шығуына рұқсат бермей отыр, емінің өзіне де қаражат бермейді. Анасы сот арқылы оның мәжбүрлі түрдегі рұқсатын алған, алайда бұл алты сағатты құрайтын мерзім ғана болып шыққан.

“Бұл іс құқық қорғау, сот жүйесінің қоғам мен мемлекетті бір-біріне қарама-қарсы қоятынын көрсетеді. Бұл шарасыздықтан болып отырған жағдай, – деді “Не молчи” қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмат Мұхамеджанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр