15 күнге қамауға алынды: Журналист Бишуинов Алматыдағы Қытай консулдығы алдында пикетке шықты
Журналист Мирболат Бишуинов Алматыдағы Қытай консулдығы алдында пикетке шығып, қамауға алынды. Ол Қытай елшісі Қазақстанның ішкі ісіне араласты, "екі ел түрлі-түсті революцияға жол бермей келеді" деген сөзі үшін кешірім сұрасын деп талап қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Мен елшінің үстіне арыз жазамын. Соны осылай алып кете аласыңдар ма? Шамаларың жете ме?" - дейді Бишуинов.
Журналистің наразылыққа шығуына себеп Қытай елшілігінің сайтында жарияланған материал. Онда елші Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы туралы да сөз қозғапты.
Мұны ішкі іске араласу деп әлеуметтік желіде петиция жариялап, қол жинаған. Кейіннен консулдық алдынан пикетке шыққан жерінен қамауға алынды.
Оған "Бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағылып, 15 күн әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шықты.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр