AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жасар қазақстандық жасөспірім халықаралық маникюр байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстанның Екібастұз қаласынан шыққан жас маникюр шебері Сочи қаласында өткен тырнақ әрлеу бойынша халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

арулат мухаметкали

21 елден келген ересек маникюр шеберлері бақ сынаған өнер олимпиадасында 14 жастағы Арулат Мұхаметқали жарыстың ең жас қатысушысы атанған. Байқау жұмысын орындауға оқушы жеті сағатқа жуық уақыт жұмсайды. Ол "Өсіру және дизайн" номинациясы бойынша чемпион болған.

Арулат бұрын бұл туралы тек армандағанын айтып өткен.

"Екі жылдық менің тәжірибе жолым үлкен сабақтарға толы болды. Жарыстардағы жеткен жеңістерге қуанған сәттеріммен қатар, қолымнан ешнәрсе келмейді деп көзіме жас алған кездерім де болды. Алайда қазір менің жанымда әрқашан қолдап жүретін адамдар бар. Сіздердің барлықтарыңызға үлкен алғыс айтамын. Сіздердің жылы лебіздеріңіз менің бір орында тұрып қалмауыма септігін тигізеді", - деп атап өтті жас жеңімпаз.

Сонымен қатар ол тәлімгерлері Елена Шанская мен Наталья Соложинаға ерекше алғысын білдіреді.



Арулат Мұхаметқали тырнақ өнерін үйренгісі келетіндермен өз білімін бөлісуді жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ, кезінде өзіне бұл мамандықтың қыр-сырын үйренуге әлемнің үздік шеберлері үйреткенін, ендігі кезекте өзі басқалардың арманына жету жолында себепші болғысы келетінін жеткізген.

Арулат Мұхаметқали 2020 жылы сал ауруына шалдыққан ағасы Бекарысты құтқару үшін маникюр шебері болған. Белгілі болғандай, бала екі жасында үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Салдарынан ол бас-ми жарақатын алады. Сонда 13 жаста болған Арулат ата-анасын оқу ақысы мен керекті құралдарды алып беруге көндіреді. Мектеп оқушысы жаңадан жұмысын бастаған шеберден сертификат алып, таныс достарына маникюр жасай бастайды.

Тапқан табысының барлығын жаөспірім отбасына береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр