Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 ер адам бір қызды жабылып зорлаған: Күдіктілер әкелікті анықтау тестін тапсырды

Қостанай облыстық полиция департаментіндегілер 14 ер адам жабылып зорлаған қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, аталған тұлғалар әкелікті анықтауға арналған тест тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

14 ер адам бір қызды жабылып зорлаған: Күдіктілер әкелікті анықтау тестін тапсырды

Полиция мәліметінше, 2018 жылдың 19 сәуірінде жас қыз шағымданып, 8 ай бұрын зорланғанын айтқан. 

«Аталған дерек бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Ол түрлі уақытта болған үш зорлық дерегі мен адам ұрлау дерегі туралы айтты. Тергеу барысында барлық тергеу амалы жүргізілді. Сонымен қатар қыз шағымданған күдіктілердің барлығына қатысты сот-генетикалық сараптамалар тағайындалды», - дейді облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қанағат Шәуенов. 

Шәуеновтің сөзінше, күдіктілерге қатысты жүргізілген сараптамалар теріс нәтиже көрсеткен. 

«Ешкім қыз дүниеге әкелген баланың әкесі болмай шықты. Ол ауылдағы фельдшер жүктіліктің 28-аптасында екенін анықтағаннан кейін шағым түсірген. Күдіктілердің барлығынан жауап алынды. Бетпе-бет кездесті. 14 адамның барлығының алибиі тексерілді. Оларды тұтқындауға заңды негіз болған жоқ», - дейді тергеу басқармасы басшысының орынбасары. 

Қазіргі уақытта тергеу тоқтатылған. 

Қанағат Шәуенов облыстық прокуратура қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің задылығын тексеретінін айтты.  

Еске сала кетсек, бұған дейін адвокат Айман Омарова Қостанай облысының Арқалық ауданында 14 ер адамның бір қызды жабылып зорлағанын айтқан еді.

Талқылау