12 қазанда Путин Қазақстанға келеді
Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.
"Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске президентіміздің қатысуы қаралып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді", – деді Ушаков журналистерге.
Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесу жоғары деңгейде яғни "Ресей – Орталық Азия" форматында өткізу жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері 19 тамызда Сочиде кездесті. Сол кезде Тоқаев пен Путин екі елдің қарым-қатынасының дамуына қанағаттанғанын атап өтті.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген