11 млн теңге беріп қойған: Жамбыл облысында арзан көлік алмақ болған азамат алаяққа алданып қалды
Арзан көлік алмақ болған Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданып қалғаны туралы шағымданған. Айтуынша, өткен жылдың шілде айында өзінің танысы Toyota Hilux автокөлігін арзан бағаға сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмаған.
"Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция хабарламасында.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”