"100 миллион теңге шығын келтірген": Алматы аудандарының бірінің экс-әкіміне айыппұл салынды
Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында жасаған заң бұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: reformcalifornia.org
Прокуратураның хабарлауынша, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың болуына қарамастан, тапсырыс беруші олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған.
"Егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді. Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Басқа жағдайда тапсырыс беруші сатып алынған тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді біртекті түрлерге және жеткізу орындарына бөлмеген, яғни ірі жеткізушілерге артықшылық берген. Прокурорлар шенеуніктерді бұл байқауды тоқтатып, талапқа сай қайта өткізуге мәжбүрледі.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Алматыда прокурорлардың актілері бойынша жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асатын конкурстар тоқтатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Шенеуніктер мемлекеттік сатып алу сайтына тендерді жеңіп алу нұсқаулығын жариялап жібергені туралы жазған едік.
Шығыс Қазақстан облысы Самара ауданындағы ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты "Самар-Вет" коммуналдық кәсіпорны автокөлікті сақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу сайтына тендер шарттарын жариялаған. Бірақ "кездейсоқ", "техникалық ерекшелік" құжатында компания қызметкерлері тендерді қалай жеңу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды қалдырған.