"100 миллион теңге қарызым бір сәтте жабылды": Жахан Отарғалиев кино түсіріп, қарызға батқанын жасырмады
Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев кино түсіріп, қарызға батқан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Отандық әзілкеш журналист Зарина Мүсілімге сұхбат беріп, басынан өткен қиын сәттерін баяндап берді.
“2023 жыл өмірімдегі қиындықтарға, сынақтарға толы жыл болды деп айта аламын. Біздің де жүрегіміз жылайтын кездер болады. Біздің де мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны себеп болды", – деп ағынан жарылды актер.
-
Несие алу үшін ерлі-зайыптының өзара келісімі керек: Қандай сомаға дейін рұқсат қажет болады
-
Қазақстандықтарға биометриялық сәйкестендірусіз электронды банк несиелері берілмейді
Сонымен қатар журналистің “100 миллион қарызың да жығылғанға жұдырық болды ма?” деген сұрағына әзілкеш әзілмен жауап берді.
“Саған айтпадым ба, оны жауып берді ғой. Былтыр денсаулығым болмай, Қытайда емделіп жатсам, мына жақтан қарызын сұрап бауырларым хабарласа берді. Өзім төсектен тұра алмай жатырмын. Ораза айы басталғанда үздіксіз дұға жасай бердім. Соның арқасында 100 миллион теңге қарызым бір күнде жабылды. Бір күні мешітте танысымды жолықтырып қалдым. Түркияда жүр едім. Екі қазақ түріктердің арасында жолығып қалып, аман-саулық сұрастық. Менің өнерімді, түсіріп жатқан киноларымды бағалайтын. Атын айтпай-ақ қояйын. Сол кісі “Осы сенің 100 миллион теңге қарызың бар еді ғой, қалай жаптың” деп сұрады. Қарызымды қайтара алмай жүргенімді, олардың ауруханада жатқанда да сұрай беретінін жасырмай айтып едім. Сол қарызыңды мен жауып берейін деді. Екеуміз жан достар да емеспіз. Ата-ана, отбасыларымызды танымаймыз. Бірақ ол маған көмектесіп тұр. Солай ғажайып оқиғаның арқасында қарызым жабылды”, – деді актер.
Еске салайық, әзілкеш балалы бола алмайтынын айтқан еді.