Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 миллион теңге аударды": Динара Сұлтан тасқыннан зардап шеккен халыққа күйеуінің қаржылай көмек бергенін айтып, мақтанды

Танымал әнші Динара Сұлтан жолдасының су тасқынынан зардап шеккендерге ірі көлемді қаржы аударғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dinara_sultan1/

Өнер иесінің жолдасы, Ерлан Қожасбай – елімізге белгілі меценат, кәсіпкер. 

“Осы заманның нағыз батыры – менің жарым деп қойсаң. Бүгінгінің тілсіз жауымен айқасу өте қиын болып тұр. Десе де, көмек қолын созып жатқан отандық кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы деп тілеймін", – деп жазды Динара Сұлтан. 



Әншінің жұбайы да қиын қыстау заманда кәсіпкерлердің халыққа қол ұшын созуы – азаматтық парызы екенін айтты. 

“Мемлекет басшысы да кәсіпкерлерді халыққа көмектесуге шақырды. Екі серіктесіммен бірге 100 миллион теңге аудардық. Әрине, үйсіз қалған тұрғындарға өте қиын. Осы сын сағатында бәріміз бірігіп, жұдырықтай жұмылайық”, – деп бизнесмен әріптестеріне үндеу жасады. 

Еске салайық, Фариза Төреәлі төтенше жағдай кезінде блогер мен бизнесмендерден көмек сұраған билікті сынағанын жазған едік. 

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмектескені айтылды. 

 

Талқылау